Өңірлер

Шымкентте алаяқ жұмысқа орналастыру үшін тұрғындардан 12 млн теңге алған

Қазір әйел қамауда отыр
Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласының бір топ тұрғыны балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші аудандық полиция басқармасына алаяқтық туралы арызбен 3 азамат хабарласып, көмек сұрап келген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 12 млн теңге ақша алған.
Осыдан кейін полицейлер алаяқты іздеуге кірісіп, күдіктіні ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.