Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейде украиналық сарбаздар мінген ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ құлаған жерде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, қорғаныс министрлігінің комиссиясы мен облыс губернаторы Корочан ауданына аттанды
Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Белгород облысында тұтқындармен алмасу үшін тасымалданған 65 украиналық сарбаз, экипаж және онымен бірге ілесетін адамдар мінген Ил-76 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"Жоспарлы рейс кезінде Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта тұтқын алмасу үшін Белгород облысына жеткізілген Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметкері, ұшақтың алты экипаж мүшесі және үш ілеспе адам болған", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, апаттың себептерін анықтау үшін апат орнына Ресей әскери-ғарыш күштерінің комиссиясы аттанды.
Сонымен қатар, Корочан ауданындағы апат орнына өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен полицейлер барды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram арнасында оқиға орнына өзі де барғанын хабарлады.