АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевтің айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленістің үдеуіне байланысты Астана форматындағы кездесулердің маңыздылығы артып келеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Астана форматы әлі де бар. Ол өте тиімді реттеу механизмі болып қала береді", - деді Лаврентьев брифинг барысында.
Ол Сириядағы толық реттеу әлі де алыс екенін және қақтығыс тараптары арасындағы сенім деңгейі әлі де төмен екенін айтты.