АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласының тұрғындары сағат тілін кері жылжытуға қарсы. Жергілікті халық онсыз да таң ерте атып, күн ерте бататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Биыл еліміздің 15 өңірінде сағат тілін кері жылжытуға шешім қабылданды. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт бір сағатқа кейін шегеріледі. Өскемендіктер онсыз да таңның ерте атып, күннің ерте бататынын айтып отыр. Қазірдің өзінде қыстың күні шығыста кешкі сағат бесте қараңғы түседі. Бір сағатқа кері шегерсе, кешкі төртте үйде шам жағуға тура келеді. Ал түнгі сағат 2:00-де таң атады. Сондықтан қоғамдық талқылауға келгендердің көбісі басқа сағат белдеуіне ауыспауды талап етті.
"Бір сағат кері жылжысақ, бұл бізге қолайсыз. Өйткені жұмыстан қараңғыда шығамыз. Онсыз да күн шығыстан шыққандықтан, таң ерте атады. Ал күн тез батады. Кешіріңіздер, сонда қараңғыда жұмыстан келіп, бау-бақшаны суғарудың өзі қолайсыз", - дейді Ольга Савинова.
Алайда мамандар уақытты кері жылжыту денсаулыққа пайдалы деп отыр. Тіпті, миымыз тынығып, науқас саны кемиді дейді.
"Бірінші кезекте бала денсаулығына жақсы. Біз қазір бала ашушаң дейміз.Не себепті ашушаң? Өйткені біз балаларды оянбай тұрып, таң алдында мәжбүрлеп сабаққа отырғызамыз. Ол баланың жағдайы қандай болатынын білесіз. Екінші мәселе, онкологиялық ауруларда осының үлесі аз емес. Үшінші мәселе — жол апаттары", - деп атап көрсетті жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрғожаев.