Таяуда Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

Алматыда қатты зілзаланың болмау ықтималдығы – 70%
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Алматыда жақын арада қатты жер сілкінісі болмайды, деп хабарлады сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайын бағалау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Алматыда қатты зілзаланың болмау ықтималдығы – 70%.
Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
Алматыда жер сілкінді