АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Сағат 5:19-да алматылықтар тағы бір дүмпуді сезді. Бұл жолы 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды сейсмологтар.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Еске сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.
Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.