АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Төтенше жзағдайлар министрлігінің хабарлауынша, әр өңірде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері бар.
"Алматы қаласы бойынша 384 пункт, олардың орналасқан жері және маршруты бойынша ақпарат 2ГИС платформасында бар. Көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық QR-тақтайшаларда зардап шеккен халықты қабылдау пункттері көрсетілген", - делінген хабарламада.
Бұл пункттер негізінен білім беру, мәдениет және спорт объектілерінде орналасқан. Төтенше немесе апаттық жағдай кезінде пункт бірден халықты қабылдауға кіріседі.