Еуроодақтың қазақстандық көмірге сұранысы артты

Осыған байланысты Қазақстанда көмір өндіру көлемі де артты
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда көмір өндіру көлемі артып келеді, деп хабарлайды өнеркәсіп комитеті.
Қазақстанда отын-энергетикалық кешенді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген.
"Жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технология іске қосылады деп жоспарланған. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп жазды министрлік.
Жалпы өндірілген көмірдің 26-28%-і эскпортталады.
"ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге, яғни 1,3 млн.тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Өйткені Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысы артқан", - дейді ведомство.