Жаңалықтарға қарағанда, Киевтің қиын жағдайы шарасыз күйге айналып барады. Өйткені, қаражат тапшылығы айқын біліне бастады, деп жазды РИА Новости.
АҚШ пен Еуроодақ ішкі жанжалдардың салдарынан Киевке әлі де уәде етілген қаржылық және әскери қолдауды көрсете алмай отыр. The Wall Street Journal басылымының жазуынша, биыл Украина бюджетінің тапшылығы 40 миллиард доллардан асады. Бұл қаражаттың ішінде шамамен 30 миллиард доллар батыстық қолдау пакеті есебінен жабылуы керек және олар негізгі мемлекеттік шығындарды - жалақыны, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету үшін қажет.
Америкалықтар мен еуропалықтар дауласып, мәселені шешуді ақпанға шегеріп жатыр. Ал Киевке ақша дәл қазір қажет. Сондықтан ол күрделі екі таңдаудың алдында тұр: инфляцияны автоматты түрде жеделдететін баспа машинасын іске қосу немесе халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді тоқтату. Украина қоғамының алдында қазірдің өзінде үкіметтің рейтингі төмендеп бара жатқанын ескерсек, мұндай шаралар салдары белгісіз тұрақсыздық қаупін төндіреді.
Екінші жағынан, қақтығыс аумағындағы жағдай да мәз емес. Тұтастай алғанда, позициялық текетірес жалғасып жатыр. Бірақ Ресей армиясы соңғы уақытта бірнеше маңызды тактикалық жетістіктерге қол жеткізді. Мұны қарсы тарапт та мойындады. Ал бірінші аталған жағдаймен қоса алғанда, бұл тіпті тығырыққа әкеп тіреп тұр. Киев билігі ғана емес, бүкіл Батыстағы Ресейге қарсы күштердің барлығы осыны түсініп отыр.
"Әлбетте, Батыстағылар да ендігі ретте бұл текетіресте стратегиялық артықшылыққа Ресей ие екенін анық ұғынды", - деп жазылған материалда.
Батыста ресурс тапшы, ал Украинада уақыт тапшы. Сондықтан мүдделі тараптар дәл осы қазір қадамдар жасауы керек. Ол қадамдар мынандай нұсқада болады: а) майдандағы жағдайдың барысын елеулі түрде өзгертпесе де, ең болмағанда тежей тұрады; ә) Ресей билігін ел үшін ойланбаған және қолайсыз шаралар қабылдауға мәжбүрлейді; б) Батыстың өзіндегі Украинаның қолдауына наразылардың қарсылығына тосқауыл қою; в) Киевті үздіксіз қаржыландыруды қалпына келтіру үшін өзара дауласып жатқан Батыс элитасын келісімге келуге мәжбүр ету.
"Алайда Украина бұл жағдайда шабуылдармен тұрақсыздандыру мақсатында бейбіт халық және маңызды инфрақұрылымға соққы жасау туралы шешім қабылдаған секілді. Бұған жаңа жыл күні Белгородта, өткен жексенбіде Донецкте болған шабуылдар дәлел. Мұның барлығы Ресей мемлекетіне деген қоғамдық қолдауды әлсіретеді немесе Кремль мен қорғаныс министрлігін майдандағы өз әскері үшін тиімсіз шешімдер қабылдауға итермелейді деген мақсатпен жасалып жатыр", - деп жазылған материалда.
Владимир Зеленскийдің "Ресей Федерациясының украиндар тарихи қоныстанған аумақтары туралы" соңғы жарлығы да дәл осы мақсатқа сай.
Біріншіден, Мәскеуді Киевтің келіссөздер жүргізуге қабілетсіздігіне қосымша сендіру - және оны "Украина мәселесін" түбегейлі шешу үшін ойластырылған шараларға итермелеу. Екіншіден, қазіргі уақытта күшейіп жатқан Батыстағы қарсылық танытып жатқандардың артқа шегіну жолдарын жою.
Ресей бұған қалай жауап беретінін уақыт көрсетеді, деп жазды РИА Новости. Алайда, Киев те, Батыс та Ресейдің әскери-саяси басшылығын да қандай да бір ойластырылмаған қадамдарға итермелей алмайды деп нық сеніммен айтуға болады.