Алматыдағы жер сілкінісі: 67 адам ауруханаға жүгінді

Жарақат алғандардың арасында бір жасқа толмаған сәбилер де бар
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады қала әкідігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, бұл 23 қаңтар сағат 17.00-дег жағдай бойынша ақпарат. Көмекке жүгінгендердің 55-сі ересек, 12-ы бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

"Үш ересек науқас шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр. Жедел медициналық жәрдем орталығында 6 және 7 айлық сәби, 7 және 16 жастағы бала медициналық көмек алып жатыр. Олар құлау салдарынан түрлі жарақат болған", - делінген хабарламада.

Сәбилерге келетін болсақ, бір сәби анасының құшағынан, екіншісі бесіктен құлаған. Барлық баланың жағдайы орташа тұрақты деп бағаланады. Олар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.
"Хирургиялық ота жасалмады, емі консервативті болды. ЖРВИ диагнозы қойылған 17 жастағы бір бала Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдайды", - дейді әкімдктегілер.
Еске салсақ, 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны хабарланды. Күндізгі 15.07-де 2 балдық дүмпу сезілді.
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарламалар неліктен жіберілмеген