Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр – еңбек инспекциясы

Жер сілкінісіне байланысты өндірістік зақымдану мен жарақат алу деректері тіркелмеген
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Алматы қалалық еңбек инспекциясы басқармасы 23 қаңтарда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар, мекеме ақпаратына сәйкес, жер сілкінісіне байланысты өндірістік зақымдану мен жарақат алу деректері тіркелмеген.
"Басқарма қызметкерлері өндірістік нысандарға жедел мониторинг жүргізеді, ал басқармада күн сайын кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлары өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдау және тіркеумен айналысады"¸- деп жазылған басқарма хабарламасында.
Басқарма жедел жәрдем станциялары және төтенше жағдайлар департаментімен жедел өзара байланыс орнатқан. Қазіргі өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жұмысшылар жоқ, деді мекемедегілер.