Оқиға

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз қағып кетті

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында теміржолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы жағдай 21 қаңтарда таңғы сағат 07:27 кезінде Жиделі-Бірлік учаскесінде болған.
"Шығанақ-Шу учаскесіне жақын маңда екі теміржолшы қайғылы жағдайға ұшырады. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды", - деп хабарлады ҚТЖ.
Компания қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.