АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында "Капитал Мечты" қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Фирма мүлікті сенімгерлік басқаруға алған. Қарыз беру шарттары да болды. Ал басшысы салымшыларға ай сайын салынған соманың 10 процентін төлеп тұруға уәде еткен. Сот санкциясымен қаржы пирамидасының жетекшісі қамауға алынды.
Жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келген. Салымшылар қаржы пирамидасына 1 млрд теңгеден астам қаржы салған. Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілді.