АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. 24 қаңтарда Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтеді. Оған Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегациялары қатысады деп күтілуде, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсеннің де келуі мүмкін екенін айтты.
"Біз оның хатшылығымен байланыстамыз... Астанада өтетін келіссөздерге БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі де қатысады деп күтілуде", - деді Смадияров брифингте
Ол бұл келіссөздерде Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегациялары қақтығыстан кейінгі қалпына келтіру және Сириядағы гуманитарлық жағдайды талқылайтынын еске салды.
Бақылаушы ретінде Иордания, Ирак, Ливан және БҰҰ өкілдері күтілуде.
Бұл кездесу құрамына Ресей, Иран, Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен оппозициясы, БҰҰ және бақылаушы елдер – Иордания, Ливан және Ирак өкілдері кіретін "Астана форматындағы" кепілгер елдердің ұжымдық үндеуіне сәйкес өткізілуде.
Өткен жылдың маусым айында Астанада өткен жиында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш Астана процесі Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсеткенін айтты.
Оның айтуынша, Сирияның аймақтағы оқшауланудан біртіндеп шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі ретінде тұжырымдауға болады.
Сирия бойынша келіссөз өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен, ол кезде Астанада кездесулерді қайта жаңғырту туралы әңгіме болған жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ.