АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Донецктегі базар Украина қарулы күштерінің атқылауына ұшырап, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Украина қарулы күштері Донецк қаласындағы әдетте адам көп болатын базарлар мен көптеген дүкендер орналасқан "Текстильщик" шағын ауданына 155 миллиметр калибрлі кем дегенде 6 снарядпен оқ атты.
Әуелі Донецк мэрі Алексей Кулемзин қаланың Киров ауданында украин әскерлерінің атқылауы салдарынан сегіз адамның қаза тапқанын хабарлады.
Кейін ДХР басшысы Денис Пушилин қаза тапқандар саны 25-ке жеткенін айтты.
Соңғы тәулікте Украинаның қарулы құрылымдары республика аумағына 43 рет соққы жасап, 161 оқ-дәрі бағыттады.