Министрлік Шымкенттегі ірі базарлардың жаңғыртылуын бақылау үшін бейнекамералар орнатады

Сауда министрлігі ақпараттық жүйе іске қосады
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі нақты уақыт режимінде Шымкенттегі ірі базарлардың жаңғыртылуын бақылайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Биыл Шымкентте төрт ірі сауда орны , "Автонұр", "Орталық жоғарғы базар", "Алаш" және "Самал" базарларын жаңғыртуды бастау жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрлігі базарларға бейнекамера орнату арқылы нақты уақыт режимінде жаңғырту барысын бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені іске қосып жатыр", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков Шымкент базарларының жаңғыртылу барысын тексерді. Жұмыс тобы Жаңғыртудың жол картасына енгізілген базарларды аралады.
Сауда комитетінің басшысы базарлардың қызметін ұйымдастыру ережелерінің сақталуын, аумақтарды күтіп ұстауға, сауда орындарының жабдықтарына қатысты талаптардың сақталуын тексерді. Кейбір базарларда жайма базар орындары анықталып, бұл фактілерді жою туралы тапсырма берілді.