Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды

Қар тазалау және жолдарға көктайғаққа қарсы қоспа себу жұмыстарына 289 техника мен 460 адам жұмылдырылған
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" 21 қаңтардағы Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы хабарлады.
"4 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді", - деді компаниядағылар.
Ақтөбе облысы
1. Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 255-330 шақырымы, Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін.
2. Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 185-255 шақырымы, Шұбарқұдық ауылынан Қарауылкелді ауылына дейін, қарлы боран, жолдың көрінуі нашар.
Жамбыл облысы
1. Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін, көліктер ескі Қордай асуы арқылы жүріп жатыр.
Ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелген (жаңбыр мен қар, жел, тұман, жолдың көрінуі нашар).
Жетісу облысы
1. Үшарал – Достық тасжолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – тұман, жолдың көрінуі нашар.
Батыс Қазақстан облысы
1. Орал – Тасқала – Ресей шекарасы, Оралдан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі тас жолдың 4-104 шақырымы.
2. Атырау – Орал тасжолының 375-492 шақырымы, Чапаев ауылынан Оралға дейін.
3. Чапаев – Жалпақтал – Казталовка тас жолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан Казталовка ауылына дейін.
4. Казталовка – Жәнібек – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 0-158 шақырымы, Казталовка ауылынан Жәнібек ауылына дейін.
5. Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 0-36 шақырымы, Подстепное ауылынан Федоровка ауылына дейін – жел, қарлы боран, жолдың көрінуі нашар, нөлден төмен температура кезіндегі жаңбыр.
6. Самара – Шымкент тасжолының 195-246 шақырымы, Ресей Федерациясындағы ауа райының нашарлауына байланысты Ресей Федерациясының шекарасынан Оралға дейін.
Республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстарға 289 техника мен 460 адам жұмылдырылған.