Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik. Алматы облысындағы ішкі істер органдарының қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды, оның екеуі фитолаборатория болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі – таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы – шетелдік азамат.