Air Astana әуе паркі 50 ұшақпен толықты

2028 жылдың соңына қарай әуе компаниясы өз паркін 80 ұшаққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы өз паркіне 50-ші ұшақ Германияның Гамбург қаласынан A321neo әуе көлігі жеткізілгенін хабарлады. Бұл жаңа әуе лайнері – бизнес пен эконом класстардың симбиозы.
Жеткізілген ұшақтың кеңейтілген эконом класы бар, сонымен қатар орындар арасындағы стандартты қадам қашықтығы сақталған, деп хабарлады компаниядағылар.
"Airspace Cabin салонының жаңа нұсқасында қол жүгіне арналған үлкенірек сөрелер сондай-ақ әуе компаниясы негізінен ұзақ қашықтыққа ұшуларда пайдаланатын декоративті жарықтандыру орнатты", - деп жазылған хабарламада.
2028 жылдың соңына қарай әуе компаниясы өз паркін 80 ұшаққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Air Astana IPO аясында өз акцияларының биржаларға шығарылу мерзімін жариялаған болатын.