АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылғаны хабарланды:
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
"Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
Қазақстанның Еңбек Ері, № 7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
Басқарма төрағасы - Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
жеңіл атлетика спортшысы Айсұлу Сүлейменова;
дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.
Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.
Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.