АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін жіберу туралы ұсынысы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралды.
"БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі аясында Қазақстанның позициясын бекіту мақсатында БҰҰ Жарғысының VII тарауы аясында ("Бейбітшілікке төнетін қатерге, бейбітшілікті және агрессия актілерін бұзуға қатысты іс-қимыл") Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Судан Республикасындағы және Абьейдегі бітімгершілік миссияларына қатысу географиясын біртіндеп кеңейтуді орынды деп санаймын және жалғастыруды ұсынамын", – деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов парламенттің бірлескен отырысында.
Осылайша Қазақстаннан барлығы 430 әскери қызметшісі (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады:
"БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне" (UNDOF, Сирия – Израиль);
"БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына" (UNTSO, Палестина – Израиль);
"БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына" (UNMISS, Оңтүстік Судан);
"БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне" (UNISFA, Судан).
Жақсылықовтың айтуынша, БҰҰ-ның миссияларына қатысу Қазақстан Қарулы күштеріне әскерлердің жауынгерлік машықтарын жетілдіру үшін пайдаланылатын, бітімгершілік операцияларға тән қажетті жауынгерлік дағдыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Парламент депутаттары қазақстандық әскерилерді Голан биіктігі мен Оңтүстік Суданға жіберу туралы ұсынысты мақұлдады.
Парламент депутаттары қазақстандық әскерилерді Голан биіктігі мен Оңтүстік Суданға жіберу туралы ұсынысты мақұлдады.