Қарлы боран мен аяз: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 20-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Таяу күндері Шығыс Еуропа аймақтарынан келетін циклон Сібір антициклонын баяу ығыстырады. Циклон алдымен республиканың батыс бөлігіне ықпал етіп, мұнда қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын басталады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік пен орталықта аптаның соңында тыныш, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", - деп жазылған синоптиктер таратқан хабарламада.
Республиканың оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады: қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Ауа температурасы түнде республиканың батысында 7-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 15-23 градус аязға дейін төмендейді.
Оңтүстікте – 5-13 градус аязға дейін көтеріледі, шығыста – 22-31 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-шығыста – 13-22 градус аязға дейін төмендейді.