АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Приозерск қаласы полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицнейлердің заңсыз әрекеттерін анықтаған.
“Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісін бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлескен бейнежазбасы анықталды. Тексеру кезінде ҚР Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды”, - дейді ведомство.
Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы полиция бөлімінің бастығын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды. Сондай-ақ осы полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.