Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды бастады – БАҚ

Ресей Федерациясынан сұйытылған пропан, мыс және алюминий сымдарын әкелуге тыйым салынды
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Еуроодақ 24 ақпанда қабылдауды жоспарлап отырған Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды бастады, деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg агенттігінің осы жағдаймен таныс дереккөздеріне сілтеме жасап.
Еуроодақтың Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялары қосымша сауда шектеулерін, санкция енгізілген тізімдерді кеңейтуді және Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне қарсы шараларды қамтуы мүмкін. Сәрсенбі күні Еуропа елшілерінің кездесуінде жаңа санкциялар талқыланғаны айтылды.
"Еуроодақ 24 ақпанға дейін қабылдауды жоспарлап отырған жаңа санкциялар пакетін талқылауды бастады", - делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік Еуроодақтың жаңа санкцияларды келісуі оңай болмайтынын жазды, өйткені алдыңғы пакет бірнеше апталық талқылауларды қажет етті.
Желтоқсан айында ЕО Кеңесі Ресейге қарсы жаңа, 12-ші санкциялар пакетін мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Ресейден гауһар тастарды тікелей немесе жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге тыйым салынады. Шектеулер сонымен қатар қосарлы мақсаттағы өнімдер мен технологияларға, атап айтқанда, литий батареялары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған компоненттерге қатысты болды.
Ресей Федерациясынан сұйытылған пропан, мыс және алюминий сымдарын әкелуге тыйым салынды. Сонымен қатар, ЕО еуропалық компанияларды серіктестермен жасалған келісімшарттарда Ресей Федерациясына қосарлы мақсаттағы бірқатар тауарлардың реэкспортына тыйым салуды қарастыруды міндеттеді.
Ресей сыртқы істер министрлігі ЕО санкцияларының он екінші пакетіне жауап ретінде Ресей Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынған ЕО елдері өкілдерінің тізімін кеңейткенін мәлімдеді. Бұл Еуроодақтың күш ведомстволары мен коммерциялық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Киевке әскери көмек көрсеткен Еуроодақ елдерінің азаматтары болып отырғаны айтылды.