Қоғам

Елімізде 8 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтті

Республика бойынша 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 2023 жылы Қазақстанда 4 иесіз қалған бөгет, 1 су қоймасы және 3 тоған мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл Ақтөбе облысындағы 4 бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы 3 тоған мен су қоймасы.
"Былтыр еліміздің гидротехникалық нысандарына түгендеу жүргізілді. Одан кейін облыс әкімдіктерімен бірлесіп оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспарды іске асыру гидротехникалық құрылыстардың тозу мәселесін шешуге және олардың қолданысқа жарамдылығын арттыруға мүмкіндік береді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Министрліктің ақпаратынша, елімізде жалпы саны 22 гидротехникалық нысанның қараусыз қалғаны анықталған. Оның ішінде 5 нысан қираған және одан әрі пайдалануға жарамайды. Қалған 9 нысанды коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады