АЛМАТЫ, 19 қаңтар - Sputnik. 2023 жылы көпбалалы 543,3 мың отбасына 413,3 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алды.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. 2024 жылдан бастап:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ке артты. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған", - дейді ведомство.