Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Мәжіліс пен сенат депутаттары республиканың бітімгершілік күштерін БҰҰ миссияларына жіберу мәселелерін талқылайды.
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Астанада Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін күн тәртібінде "Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы туралы" мәселе қарастырылады.
Мәжіліс спикер Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.