АСТАНА, 19 қаңтар- Sputnik. Өткен жылы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Астанадағы келіссөздердің жиырмасыншы раундын қорытынды деп жариялағанына қарамастан, Астана форматындағы кездесулерді елордада жалғастыру туралы шешім қабылдады.
"Астана форматындағы кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 2024 жылғы 24-25 қаңтарда елордада Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесу өтеді", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Өткен жылдың маусым айында Астанада өткен жиында ҚР сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Қанат Тұмыш Астана процесі Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсеткенін атап өтті.
Оның айтуынша, Сирияның аймақтағы оқшауланудан біртіндеп шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі деп тұжырымдауға болады.
Сирия бойынша келіссөздер өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен болатын, содан кейін Астанада кездесулерді қайта бастау туралы әңгіме болған жоқ, деп атап өтті Қазақстан сыртқы істер министрлігі.