АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Еуразиядағы қауіпсіздік мәселелері аймақтан тыс мемлекеттердің араласуынсыз шешілуі керек, деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Өзара тиімді экономикалық жобалардан басқа осы негізде Еуразияда әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды. Біз бұл міндетті континент елдерінің өздері, басқа елдердің араласуынсыз, былайша айтқанда, өз жарғыларымен шешуін қолдаймыз", - деді министр ресейлік дипломатияның 2023 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін ол сондай-ақ 30-ға жуық елдің БРИКС-пен ынтымақтастуға мүдделі екенін және қауымдастықтың болашағы зор екенін айтқан.
Ресей өз кезегінде БРИКС-тің жаңа мүшелерінің құрылым жұмысына үйлесімді түрде сіңісуін қамтамасыз етуге назар аударады, деді Лавров.
"1 қаңтардан бастап БРИКС-ке төрағалық етуге кіріскен Ресей жаңадан қосылған мүше мемлекеттердің біздің ортақ жұмысымызға үйлесімді түрде сіңісуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады", - деді Лавров.