Былтыр Қазақстанда 16 мыңнан астам рейс кешіккен

Азаматтық авиация комитеті рейстердің уақытылы орындалу көрсеткіші жақсарғанын ататып өтті, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған
Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар - Sputnik. 2023 жылы Қазақстанда рейстердің төрттен бір бөлігі кешіккен, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Былтыр 71 895 рейс орындалған, оның ішінде 16 666 рейс кешіккен. Рейстердің уақытылы орындалу пайызы 77% құрады.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарған. 2022 жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған.
Комитеттің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда рейстердің кешігу ұзақтығы қысқарғанын.
"Кешігудің негізгі себептері – әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және т. б. Сонымен қатар, Қазақстан премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде", - делінген комитет хабарламасында.