Білім

ҰБТ-2024: түлектер арасында қандай пәндер комбинациясы танымал

Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді. Биыл талапкерлердің 18,4%-і "биология-химия" пәндерін таңдады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және т.б. бағыттарға оқуға түсе алады.
Сонымен қатар алғашқы бестікте
"математика-физика" – 16,9%,
"математика-информатика" – 11,7%,
"шет тілі-дүниежүзі тарихы" – 9,4%
"шығармашылық емтихан" – 9,3% бар.
Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы "математика-физика" – 19,2% болды. Екінші орында "биология-химия" – 18,6%, ары қарай "шығармашылық емтихан" – 10,2%, "математика-информатика" – 10% және "шет тілі-дүниежүзі тарихы" – 8,7%.
"ҰБТ-дағы ең танымал комбинацияның "биология-химия" деп өзгеруі талапкерлер арасында медициналық және ауылшаруашылық мамандықтарының көптаңдауға ие болғандығын көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда ҰБТ-ның барлық кезеңдерінде талапкерлер инженерлік, құрылыс, педагогикалық және басқа да мамандықтарға түсуге мүмкіндік беретін "математика-физика" комбинациясын көп таңдады. Осы комбинацияда мамандық таңдау мүмкіндігі де көбірек, сонымен қатар гранттар алу ықтималдығы жоғары. Осыған қарамастан, 2024 жылы талапкерлердің 18,4%-ы "биология-химия" пәндерін таңдауды жөн көрді", - деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Еске сала кетсек, қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 136 мың адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.
Білім
Шығармашылық мамандықты таңдағандар ҰБТ-ны қалай тапсырады