АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Олай жалғаса берсе, Украинаның мемлекеттілігіне қатысты мәселе туындайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Муниципалдық құрылым басшыларымен болған кездесуде Путин Украина қарулы күштерінің азаматтық нысандарға жасаған шабуылдары туралы сөз қозғады. Оның ойынша, Киев өз халқына және демеушілеріне Мәскеуге жауап бере алатынын көрсетуге тырысып жатыр.
"Қазір адамдар Киев билігінің олай неге істеп жатқанын түсінбей жатыр. Бейбіт қалалар мен елді мекендерді атқылайды, алаңдарға соққы жасайды. Ондай шабуылдардың әскери мәні қандай? Ешқандай, еш мағынасы жоқ. Киев билігі неге олай істеп жатыр? Жауабы бар. Біріншіден, олар өз халқына және қару мен оқ-дәріге ақша беріп жатқан демеушілеріне Ресейге жауап беруге жағдайы бар екенін көрсетуге тырысып жатыр ", - деді Путин.
Сондай-ақ Ресей басшысы Киевті келіссөздерден бас тартқаны үшін сынға алды. Оның айтуынша, Украина билігі дұрыс шешім қабылдаған жағдайда "бәрі баяғыда бітетін еді". Путин Украина басшының бейбітшілік формуласы "бейбіт диалогқа тыйым салатын талаптар" деп санайды.
Осы орайда ол КСРО ыдырағаннан кейін Украина жерінде күшті ұлтшылдық идеялардың таралып кеткенін тағы бір мәрте еске салды. Осының барлығы қазіргі жағдайға әкеліп отыр. Ал Ресей өз мүддесін қорғауды тоқтатпайды.