Балаева "Қазақфильм" төңірегінде шыққан дауға қатысты мәлімдеме жасады

"Қазақфильмнің" жалақы бойынша қызмерлеріне берешегі бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қаңтар - Sputnik. Аты аңызға Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қордаланған проблемалары туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
Ол киностудия айналасында туындаған кейбір мәселелердің басын ашып, тоқталып өтті.
"Бұл - ең алдымен қаржылық, әкімшілік, экономикалық, инфрақұрылымдық сипаттағы жылдар бойы жиналған жүйелі проблемалар", - деді Балаева.
Министрдің айтуынша, "Қазақфильм" компаниясының қызметкерлерге жалақы бойынша берешегі бар. Киностудия өзін-өзі қамтамасыз ету мен рентабельділікке шығу мүмкіндігінен заңды түрде айырылған. 4 жыл бұрын кино өнімдерін өндіру құқығы киноны дамыту орталығына берілді. Бұл компанияны тікелей функцияларынан айырып қана қоймай, жалпы конкурстық ережелерге бағынып, жеке студиялармен қатар қойды, деп қосты министр.
Алайда, қазір ведомство мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Конкурстардың ашықтығы артады, "кино туралы заңға" түзетулер енгізіледі. Ол "Қазақфильмге" кино өнімдерін қайта шығару, фестивальдар ұйымдастыру және өнімді дубляждауды жүзеге асыру құқығын қайтарады.
Аида Балаеваның айтуынша, қазір инвесторлар іздестіріліп жатыр, олардың есебінен киностудия ғимаратын және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Мәртебесі қоғамдық резонанс тудырған жер учаскесіне келетін болсақ, ол мемлекеттің меншігінде және бұл жағдайда кез кедген болжам орынсыз, деді министр