Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина билігі Купянск маңында 26 ауыл эвакуацияланатынын хабарлады

Қазіргі уақытта бұл елді мекендерде 3043 адам тұрады, оның 279-ы бала
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Харьков облысының билігі қауіпсіздік мақсатында Купянск ауданының екі қауымдастығы міндетті түрде эвакуацияланатыны туралы хабарлады, дейді облыс әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов Telegram каналында. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Қауіпсіздік жағдайын ескере отырып, Купянск ауданының Кондрашев және Курилов қауымдастықтарынан халықты міндетті түрде эвакуациялаймыз. Қазіргі уақытта бұл елді мекендерде 3043 адам тұрады, оның 279-ы бала", - делінген хабарламада.
Синегубовтың айтуынша, екі қауымдастықта 26 ауыл бар, барлығы эвакуацияланады. Олег Синегубов эвакуацияланғандар халықаралық гуманитарлық ұйымдар есебінен тұрғын үймен және басқа да қолдаумен қамтамасыз етілетінін айтты.