АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Шымкенттегі еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Шымкент қаласының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - дейді ведомство.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.