АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрлігі Қашаған сұйытылған мұнай газын Қазақстан нарығына жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Энергетика министрлігі Қашағанда жұмыс істейтін компаниялармен Қазақстан нарығына газ жеткізуге келісті
"Энергетика министрлігі Қашаған кен орнының акционерлерімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Энергетика министрлігі Қашағанда жұмыс істейтін компаниялармен Қазақстан нарығына газ жеткізуге келісті
Қазақстан нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетері, 2027 жылға қарай Қашаған кен орындарындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін СМГ өндірісінің көлемі жылына 700 мың тоннаға жетеді.