Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үй өртенді

Тұрғын үйден 15 ересек адам эвакуацияланып, 20 бала құтқарылды
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үйдің электр желілері жанып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға Отырар шағын ауданында болған. Көп қабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен. Тұрғын үйден 15 ересек адам эвакуацияланып, 20 бала құтқарылды.
"Өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және Полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.