Тоқаев Рим папасы Францискпен кездеседі

Президент 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
"Сонымен қатар президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.
Бұдан бөлек, Тоқаев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.