АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Марқақөл ауданындағы ауыл қалың қардың астында қалды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ауылдағы үйлердің тек м ұржалары мен шатыры ғана көрініп тұрғанын байқауға болады. Жолды аршып, үйлердің есігіне жету үшін тұрғындар әрекет етіп жатыр.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, құтқарушылдардың техникасы екі күнде Ұранхай ауылына жетті, енді Төсқайың ауылын қардан аршиды.
Ал бұл суретті ауыл тұрғыны бөлісті.
Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы қалың қар
© ШҚО Марқакөл ауданының әкімдігі