Республикалық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 1363 жолшы жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында – 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске
"Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 62-228 км, Возвышенка ауылынан Рощинское ауылына дейін – 166 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын жел, шектеулі көрініс).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 748 бірлік техника және 1363 жолшы жұмылдырылды.