АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ағымдағы жылдың 13-14 қаңтар аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 500-ден астам жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Осыған байланысты жолаушылар мына пойыздармен тасымалданды:
"Павлодар-Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша №7501;
"Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Көкшетау" бағыты бойынша №7507/7508;
"Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау" бағыты бойынша №6829/6830;
"Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атбасар" бағыты бойынша №6803/6804;
"Нұр-Сұлтан - 1-Павлодар" бағыты бойынша №7502;
"Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау" бағыты бойынша №6832.
Айта кетері, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды.
Еске сала кетейік, демалыс күндері Астана - Павлодар, Есіл - Атбасар және Көкшетау - Астана учаскелеріндегі автомобиль жолдарына шектеулер енгізілді.
"ҚазАвтоЖолдың" 15 қаңтар сағат 11.00-дегі мәліметі бойынша ауа райының қолайсыздығы салдарынан 6 облыста республикалық жолдардың 12 учаскесінде жол жабылды.