АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астанада құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабы 2-бөлігі, 313-бабы 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылды", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда:
1.
"NAK development" ЖШС;2.
"БазисДоСтрой" ЖШС;3.
"КСМК-АФ" ЖШС;4.
"DBK-Engineering" ЖШС;5.
"Пропилон" ЖШС;6.
"ANA Astana" ЖШС;7.
"ППК" жобалау-құрылыс компаниясы" ЖШС;8.
"X-clusive Qurylyus Group" ЖШС.Әкімдіктің ақпаратынша, былтыр жүргізілген жоспардан тыс тексерістер аясында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 заңбұзушылықты анықтап, оны жоюға 247 нұсқама берді.
Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 7 техникалық қадағалау ұйымы және аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату немесе айыра отырып 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.