АСТАНА, 14 қаңтар - Sputnik. Алматыдан 230 шақырым жерде 14 қаңтарға қараған түні 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы".
Текелі қаласының тұрғындарына 3 балдық жер дүмпуі сезілді.
"Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық стансалар желісі 13 қаңтар күні сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл.