АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының қарулы күштері Украинадағы әскери-өнеркәсіп кешенінің нысандарына соққы жасады. Барлық нысан жойылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Купянск бағытында Синьковка елді мекені маңайында Украина қарулы күштерінің үш шабуылына тойтарыс берілді. Олар 35 әскери қызметшіден айрылды. Бұдан бөлек, танк, бес көлік, өздігінен жүретін "Krab" артиллериялық қондырғысы және М777 қондырғысы жойылды.
Харьков облысындағы Волчанск қаласының маңайында 27-ші реактивті бригаданың қару-жарақ қоймасы жойылды.
Краснолиманск бағытында Украина ұлттық ұланының 5-ші және 13-ші бригадасы ұйымдастырған екі шабуыл қайтарылды. 280 әскери қызметші, үш брондалған машина, тоғыз көлік пен Д-30 гаубицасы жойылды.
Донецк бағытында Георгиевка, Клещеевка мен Курдюмовка елді мекендерінің маңайында Украинаның қарулы күштері біраз шығынға ұшырады. 320 әскери қызметші оққа ұшты және жарақат алды. Төрт танк, екі жаяу әскер жауынгерлік машинасы, сегіз пикап, "Стрела-10" зенитті зымыран кешені, "Гвоздика" гаубицасы мен Д-30 гаубицасы жойылды. Ал Оңтүстік Донецк бағытында қарсылас 110 адамнан айырылды. Үш көлік пен Д-20 гаубицасы жойылды.
Запорожье бағытында Украина қарулы күштері 50 әскери қызметшіден айырылды. Работино мен Жеребянки елді мекендерінің маңайында төрт көлік, Д-30 гаубицасы және АҚШ-та шығарылған радиолокациялық станция жойылды.
Херсон бағытында 40 әскери қызметші оққа ұшты. Бұдан бөлек, екі көлік пен екі "Гвоздика" артиллериялық қондырғысы жойылды.
Ал әуе қорғанысы құралдары бір тәуліктің ішінде Великий Выселок, Ольшана, Лисичанск, Берестовое, Георгиевка, Горловка, Токмак пен Мирное елді мекендерінде 21 ұшқышсыз аппаратты атып түсірді.