АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан азаматтығын алатын шетелдіктер құжат тапсырғанда тағы бір анықтаманы әкелуге міндеттелмек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және қалпына келтіру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізіліп отыр. Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"5-тарауда Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдау тәртібі бойынша өтінішхатпен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы 36 қаулысымен бекітілген "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама тапсырылады", - делінген құжат жобасында.
Ішкі істер министрі қол қойған бұйрықтың жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.