Ақмола облысында 15 көлік соқтығысты

Жол апаты ауа райының қолайсыздығынан болған
Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 14 қаңтарда сағат 12:20 шамасында "Астана-Петропавл" тасжолында Жаңаталап ауылына жақын жерде 15 көлік соқтығысты. Жол апаты ауа райының қолайсыздығынан болған. Көліктер арақашықтықты сақтай алмаған.
"Көлік жүргізушілері арақашықтықты сақтамауы салдарынан соқтығысқан. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - дейді полицейлер.
Кешеден бері полицейлер 600-ге жуық көлікті баратын жерге дейін шығарып салды.