АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенш және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қазақстандық полицейлерге алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елшілікке сілтеме жасап.
Ресейдің Қазақстандағы елшісінің Ақмола облысы полициясына жазған хаты
© Photo : Посольство России в Казахстане
Осыдан үш күн бұрын Ақмола облысында полицейлер тасжолда қалып қойған 16 ресейлік азаматты құтқарды. Астана-Петропавл тасжолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқаған. Көлік бұзылып тұрған. Ал салон ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі – 6 жасар бала. Тәртіп сақшылары баланы жылыту үшін дереу полиция қызметінің көлігіне отырғызған.
Осы оқиға қазақстандықтарды да, ресейліктерді де бей-жай қалдырмады. Барлығы полицейлерге өз алғысын жаудырды. Ал Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенш және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Ақмола облыстық полиция депаратментінің басшысы Нұрсұлтан Мұқашевтың атына алғыс хат жолдады. Ресейліктерді эвакациялауға көмектескен Айбол мен Илья Қабдуалиевтерге те ерекше ризашылығын білдірді.
"Мен қазақстандықтардың жоғары бағаға лайықты қасиетін ерекше атап өткенді міндет деп санадым. Олар көмекке мұқтаж адамдарға риясыз жәрдем беруге, қиындыққа тап болғандарды құтқаруға әрдайым дайын тұрады", - деп жазды Бородавкин.