Омыртқаға пайдалы болу үшін қандай қалыпта ұйықтау керек

Ұйқы маманы арқа ауырмау үшін екі тізенің арасына жастық қойып ұйықтауға кеңес берді
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Бір бүйірмен немесе арқамен жатып ұйықтау омыртқаға пайдалы, дейді ұйқы сарапшысы Джеймс Лейнхардт. Ол New York Post басылымына берген сұхбатында түнгі демалыс үшін ең тиімді үш қалыпты атады.
"Қиялдаушы" деп аталатын бірінші қалып, Лейнхардтың айтуынша, жайлы ұйықтауға көмектесіп қана қоймай, ерлі-зайыптының қарым-қатынасын нығайтады. Бұл қалыпта бір бүйіріне жатқан серігін екіншісі артқы жағынан құшақтап жатады.
Лейнхардт омыртқаны түзу ұстау және ұйқы кезінде салмақ түспеу үшін аяқтың арасына жастық қоюға, оны тізеден тобыққа дейін орналастыруға кеңес берді.
Лейнхардт екінші қалыпты "артқа қарап қиялдаушы" деп атады. Ол бірінші сияқты орындалады, бірақ серіктестер бір-біріне арқасын тосып жатады, бұл оларға қозғалыс еркіндігін алуға мүмкіндік береді.
Үшінші қалып, сарапшының пікірінше, "сарбаз" деп аталады. Оны орындау үшін арқамен жатып, қолды дене бойымен созып, тізенің астына жастық қою керек. Осылайша, Лейнхардтың айтуынша, иық, жамбас және тізе бір деңгейде орналасып, түні бойы омыртқаны түзу ұстауға көмектеседі.