Алматыда БРТ жолақтары салынады

Бастама іске асса, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығын 70% көбейтіп, кептелісті 30% төмендетуге мүмкіндік туады
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының Райымбек даңғылындағы БРТ құрылысы 2024 жылдың 3-інші тоқсанында басталады. Бұл туралы "Көлік жүйесін дамыту" базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бүгінде жаңадан түсетін автобус желісінің жоспары мен сызбасы дайын. Жобалық-сметалық құжаттамадан өтіп жатыр.
Бастама іске асса, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығын 70% көбейтіп, кептелісті 30% төмендетуге мүмкіндік туады.
БТР желісі Алматыда алғаш 2017 жылы пайда болды.Бірінші жолақ Мустафин көшесінде құрылып, кейін Тимирязевте іске қосылды. Сонымен қатар Райымбек даңғылында да салынады. Оның құрылысы биылға жоспарланған.
Райымбек даңғылына салынатын БРТ желісінің жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Жоба 2 кезеңмен іске асырылады. Алғашқысы биыл қолға алынса, келесі кезең 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
Райымбек даңғылына биыл БРТ желісінің 9 шақырымы түседі. Бастапқыда Ахрименко мен Пушкин көшелерінің аралығы жасалады. Жұмыстар жоспарға сай болса, 2024 жылдың соңына қарай қолданысқа беру көзделген. Айта кетсек, бұл БРТ жолағы кейін "Барлық" базарына дейін созылады.