АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған қылмыскер ұсталды.
1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азамат 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.